Жалоба

Шетпе маңындағы карьерлер талапты бұзып отыр.

21.10.2021, 19:09

Регион: Мангистауский район,

Адрес: Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы

Категория: Загрязнение атмосферы (смог, черный снег)

Маңғыстау облысының Шетпе ауылының маңында щебень мен известняк карьерлерінің шаңы 10 жылдан бері ауыл тұрғындарының мазасын алып отыр. Ауадағы шаң мен тозаң тұрғындардың тыныс жолдарына әсер етіп отыр. Карьерге жақын орналасқан тұрғын үйлердің іргелері шытынаған. әлеуметтік желіде, телеарнада да, НұрОтан партиясының алаңында бұл мәселе көтерілді. Күні бүгінге дейін жергілікті атқарушы билік айып пұл салғаннан басқа шара ала алмай отыр. Эколог мамандардың айтуы бойынша ауадағы шаңның құрамында адам денсаулығына нұқсан келетін элементтер бар.

Официальный ответ

Ассоциация экологических организаций Казахстана

22.10.2021, 11:32

Сәлеметсіз бе! Еліміздің экологиясын сақтауға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін! Сіздің өтінішіңіз бойынша "Маңғыстау облысы бойынша экология департаментке" хат жолданды. Біз осы мәселе бойынша Маңғыстау облысы бойынша шаралар қабылдауды сұрадық.