Главная - Новости

НҰР-СҰЛТАН МЕН АЛМАТЫДА «STOPMUSOR» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

26.06.2020

НҰР-СҰЛТАН МЕН АЛМАТЫДА «STOPMUSOR» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында «StopMusor» әлеуметтік жобасын бастамақ

«Бүгін қауымдастық StopMusor әлеуметтік жобасын іске қосады. Жоба Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері қолдау тапты. Жалпы жоба қала тұрғындарының сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, мәдениетті дамытуға, қоқысты азайту үшін тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға бағытталған. Қоқысты кәдеге жарату және қайта өңдеу мәселесі маңызды мәселе екені сөзсіз. Сонымен бірге бұл жұмыс үлкен инвестициялық шығындарды және инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Алайда қоқысты арнайы қоқыс пен контейнерлерге тастауды білмейінше, өңдеу саласын дамыту қиынға соғатынын айта кету керек. Көшеде қоқыстарды, темекі тұқылын, бөтелкелерді, пакеттерді жиі көреміз. Сондықтан Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында біз қоғамның назарын аудартып, осы акцияны бастағымыз келеді», — деді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары Елдос Абақанов ОКҚ-да өткен онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әлеуметтік зерттеу барысында қоқыс жәшігіне қоғамдық орында шағын қоқыстың 80 пайызы түспейтін көрінеді. Оның бәрін айналып келгенде өңдеуге болады.

«Төтенше жағдай және карантин кезінде біздің арамызда қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын азаматтардың бар екендігінің айқын көргенімізді атап өткіміз келеді. Біз зерттеу жүргіздік. Оның нәтижелері кейінірек сипатталады. Біз алдын-ала нәтижелерді жариялағымыз келеді. Сауалнамаға қатысқандардың әр екінші адамы көп жағдайда қоғамдық орындарда ұсақ қоқыстарды көретінін айтты», — деп толықтырды төраға орынбасары.

Жоба ауқымды насихат жұмыстарын қамтиды. Бірқатар экологиялық шаралар туралы хабарланады. Елдос Абақановтың айтуынша, жоспарланған іс-шаралардың бірі — қазақстандық суретшінің қатысуымен пластикалық пакеттерді қолдана отырып, көркемдік нысан құрау.

«Жоба 2020 жылы іске асырылып, 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңында аяқталады. Екі қалада — Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ұйымдастырылады», — деп атап өтті Елдос Абақанов.

Деректер көзі: inform.kz