На данной странице вы можете подать жалобу на экологическую проблему в вашей области/регионе или городе
Главная - Новости
ҚОҚЫСТЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРУ КӨЗДЕЛГЕН ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
26.06.2020ҚОҚЫСТЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРУ КӨЗДЕЛГЕН ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Мәжіліс қоқысты өртеп, оны энергия көзіне айналдыруға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға салынды. Құжатты депутат Құралай Қарекен таныстырды.
Оның айтуынша, заң жобасының тұжырымдамасында тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу арқылы оларды кәдеге жарату көзделеді.
«Қазіргі таңда зауыттар қоқысты тек сұрыптап, қайда өңдейді. Ал енді елімізде жаңа іске қосылатын зауыттар өңдеуден қалған қалдықтарды өртейді. Нәтижесінде энергия алынады», — деді ол.
Сондай-ақ, депутат заң жобасының маңызды аспектісі электр энергиясын алу үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша сегментті қолдауға бағытталған нормалар болып саналатынын атап өтті.
Аталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Деректер көзі: tengrinews.kz