Главная - Новости

8 ТАМЫЗ КҮНІ АРШАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ САРЫОБА КӨЛІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

15.08.2020

8 ТАМЫЗ КҮНІ АРШАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ САРЫОБА КӨЛІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

2020 жылдың 8 тамыз күні Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, Қазақстанның Коммунистік Халық партиясымен және Аршалы ауданының әкімдігімен бірлесіп Аршалы ауданындағы Сарыоба көлінде сенбілік өткізді.

Сенбілікке барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 05-07 тамыз аралығында Ақмола облысы мен Нұр-сұлтан қаласының «Еріктілерге арналған Эко-мектеп» жобасының оқу курсынан өткен еріктілер қатысты.

Онлайн-курстың мақсаты — экологиялық проблемаларды шешуге арналған қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру, дамыту және экологиялық еріктілікті дамыту.
Сенбілік жастардың назарын экологиялық проблемаларға, оның ішінде қоршаған ортаның ластануына, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және еріктілер қызметін дамытуға аударуға бағытталған.

Қауымдастық Қазақстандағы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою және азайту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді, және мұны өзекті экологиялық проблема деп санайды. Осы жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының қоқыстануын азайтуға арналған StopMusor науқаны басталған болатын. StopMusor жобасы халықтың эко сауаттылығын және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан азаматтары арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Қауымдастық сондай-ақ жергілікті экологиялық проблемаларды қоғамдық бақылау мақсатында мониторингтік топ жұмысын жүргізеді.

Айта кету керек, жаз мезгілінде қала тұрғындары табиғатқа шығып, соңдарынан таудай қоқысты қалдырып кетеді, бұл қоғамдық орындардың ластануына әкеледі.
Сіздерді біздің жобаларымыз туралы хабардар болып отыру үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларға жазылуға шақырамыз: instagram.com/stopmusorkz және facebook.com/stopmusorkz/

Қосымша сұрақтар бойынша Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының баспасөз қызметіне мына телефон арқылы хабарласыңыз: 8 778 456 09 99

Ссылка на видео