Главная - Новости

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕ «ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

15.08.2020

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕ «ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Маңғыстау өңірінде «Тазалық эстафетасы» атты экоакция бастау алды. Жоба авторлары волонтерлер.

Еріктілердің игі бастамасы облыстық ішкі саясат басқармасынан қолдау тапқан. «Таза өлке — таза Қазақстан» деп аталған шараның алғашқы күні қала сыртында өтті. Дәлірек айтсақ, Ақтау — Форт-Шевченко көлік жолының 43-ші шақырымы маңында тазалық жұмыстары жүрді. Нәтижесінде 40 қапшық күл-қоқыс жиналып, арнайы полигонға жеткізілді. Экоакцияға 25 волонтерден бөлек жас мемлекеттік қызметшілер де белсене атсалысты. Олар бұл эстафетаны аймақтағы жастар ұйымдарына жолдап отыр.

Манарбек Манепханұлы, жастар ұйымының жетекшісі:

— Өңір тұрғындары мен қонақтарының сүйікті жеріне айналған бұл аймақтың тазалығы жөнінде белсенділер мен БАҚ өкілдері өз алаңдаушылығын білдірген болатын. Біз облыс волонтерлерімен бірлесіп, ауқымды тазалық жұмысын жүргіздік. Бұл аймақта тазалық жұмыстарына қажеттілік әлі де бар. Бүгінгі игі істі қатарластарымызға үлгі болып, қала тұрғындары мен қонақтарының бойында экологиялық мәдениет қалыптасуына септігін тигізеді деп сенемін.

Ссылка на видео

Деректер көзі: 24.kz