На данной странице вы можете подать жалобу на экологическую проблему в вашей области/регионе или городе
Главная - Новости
ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ ЕКІ ЕСЕ АЗАЙДЫ
17.09.2020ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ ЕКІ ЕСЕ АЗАЙДЫ
Елімізде 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 459 экологиялық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе аз.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 974 құқықбұзушылық тіркелген. Көрсеткіш те төмендеді, өткен жылмен салыстырғанда 10,7%, деп хабарлады ranking.kz.
Жеті айдың қорытындысы бойынша экологиялық құқықбұзушылықтардың ең көп саны Атырау облысында тіркелді: 73 жағдай, бір жыл бұрынғыдан 14,1% артық. Құқықбұзушылық көп тіркелген алғашқы үштікке сондай-ақ Батыс Қазақстан (49 жағдай, +19,5%) және Түркістан (48 жағдай, –26,2%) облыстары кіреді.
Жыл басынан бері экологиялық қылмыстық құқықбұзушылықтардың салдарынан келтірілген материалдық шығынның белгіленген мөлшері 953,8 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2% аз. Оның ішінде 99,1% мемлекетке келтірілген материалдық залал мөлшері, 0,9% – заңды тұлғаларға 0,1% – жеке тұлғаларға.
Деректер көзі: 24.kz